Шу ауданында екі балабақша ашылды

624

Шу ауданына қарасты Ақсу және Мойынқұм ауылдарында "Нұршуақ-2" және "Neet mubarak" деп аталатын екі жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шу ауданында екі балабақша ашылды Фото: zhambylnews.kz

"Нұршуақ-2" балабақшасының ерекшелігі жыл соңына дейін балаларды тегін қабылдайды. Сонымен қатар үш ауылдың балаларын балабақшаға тегін жеткізеді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 100 млн теңге жұмсалды. Мектепке дейінгі мекеме 200 орынға есептелген. Аталған мекеме 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

50 балаға есептелген екінші жаңа балабақшаның құны 25 миллион теңгені құрады. 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

"Қазіргі таңда Шу ауданында 23 мемлекеттік 16 жеке меншік балалар бақшасы бар. Олардың қатары жыл сайын артып келеді. Ашылғалы тұрған бала бақшалар Мемлекет басшысымен жарияланған "Балалар жылына" тамаша тарту екені сөзсіз. Сондықтан осы істі қолға алған жандарға, құрылысты жүргізген мердігерге алғыс айтудың жөні бар деп есептеймін. Алдағы уақытта мұндай игі жұмыстар жалғасын табады деп сендіремін", – деді аудан әкімі Сәкен Арубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу