Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов Щучинскідегі қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге төленетін төлемдер туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, олардың ішінде бір кәмелетке толмаған бар. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Қаза тапқандардың отбасыларына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі, – деді Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов.
Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді өз мойнына алды.
Қаралы іс-шараларға қатысу үшін келетін туыстарды орналастыру және алып жүру бойынша көмек көрсетіліп жатыр.