Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту мәселелері қаралды

1373

Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту мәселелері қаралды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

А. Мамин Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған жоспарын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы бұл бірегей курорттың сәйкес инфрақұрылымын құруға ерекше назар аударатынын баса айтты.   

ЩБКА дамыту жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыру барысын Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин баяндады.

"Жағымды инвестициялық ахуал қалыптастыру, туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Ақмола облысында 85 іс-шарадан тұратын Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыру аяқталады. Бүгінгі таңда 47 іс-шара жүзеге асырылды, 38-і орындалып жатыр. Бірінші кезекте экологиялық қауіпсіздіктің сақталуын, жолдар құрылысы мен жөндеуді қамтамасыз ететін тұрақты жылу-сумен қамту, бірыңғай кәріз жүйесін салу мәселелерін шешу қарастырылған", – деп атап өтті С. Кулагин.

ЩБКА дамыту жоспары аясында ТКШ жобаларын, сумен қамту және су тарту, көлік инфрақұрылымы жобаларын іске асырумен қатар, осы салада туристік инфрақұрылым нысандарын дамыту шаралары да жүзеге асырылуда.

Бурабай ауданының экономикасына инвестициялардың түсуі соңғы жылдары 58 млрд теңгені құрады, олардың 22 млрд теңгесі бюджет қаражаты, 36 млрд теңгесі жеке қаражат. Инвесторлардың қаражатына 48 жайғастыру және демалыс нысандары тұрғызылған. 

Бүгінгі таңда 203 жайғастыру және демалыс нысандары жұмыс істейді, көрсетілетін қызметтер көлемі бес есеге артты. Бір уақытта 9 мың адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар. Демалыс орындарының сыйымдылығы 2,5 есеге өсті.

Жыл сайын туристер ағыны артуда, соңғы уақытта ол екі есеге ұлғайтылды. Жаз мезгілінде курорттық аймаққа 500 мыңнан астам турист, ал жылына бір миллионға жуық адам барады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин "Щучинск-Бурабай курорт аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңін іске асыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын" атап өтті.

Сонымен қатар, курорт аймағын дәріптеу және Қазақстандағы туризм индустриясын қалыптастыру міндеттерін есепке алғанда, А. Мамин ЩБКА дамыту жоспарының іс-шараларын уақытылы іске асырумен қамтамасыз етудің нақты тапсырмаларын жүктеді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу