Щучинскіде әйелдер күресінен Қазақстан біріншілігі басталды

710

Щучинскіде әйелдер күресінен Қазақстан біріншілігі басталды

Ақмола облысы  Щучинск қаласында 2000-2001 жылғы қыз және ұл балалар арасында еркін күрестен Қазақстан біріншілігінің салтанатты ашылуы болды. Жарыс үш күн өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Аян Шөкеновтің айтуынша, кеше басталған жарысқа шамамен 400 жасөспірім жиналған, қыз балалар бүгін келеді. Қатысушылар Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген: Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы және т.б.

"Жарыс Азия және әлем чемпионатына іріктеу болып табылады", – дейді Аян Шөкенов.

Жарысты ұйымдастырушылар – ҚР спорт және дене шынықтыру істері министрлігі, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу