Щучинскіде өрт кезінде 75 адам эвакуацияланды

269

20 бала эвакуацияланды.

Щучинскіде өрт кезінде 75 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Бүгін түнде Щучинск қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автосаты мен баспалдақ арқылы ғимараттан 75 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.

Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖМ өрт немесе басқа да төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу