Щучинскіде жеке тұрғын үй өртеніп, ерлі-зайыпты көз жұмды

458

Оқиға Бурабай ауданының аумағында болған.  

Щучинскіде жеке тұрғын үй өртеніп, ерлі-зайыпты көз жұмды Фото: t.me/dchsakmol

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шамамен 90 шаршы метр аумақты шарпыған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіріп, үйдің ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесін алып шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар өрттің шығу себептері мен барлық мән-жайын анықтайды.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу