Щучинскідегі шаңғы трамплиндері тексеруден өтті

758

Жалпы алғанда, аралық тексеру нәтижесі маманның көңілінен шыққан.  

Щучинскідегі шаңғы трамплиндері тексеруден өтті

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) инспекторы, шаңғымен тұғырдан секіруден Құрлықтық Кубоктің үйлестірушісі Хорст Тильманн жұмыс сапарымен Щучинск қаласына келді, деп хабарлайды Olympic.kz.

FIS өкілі Щучинск қаласында орналасқан шаңғы трамплиндерін тексеруден өткізді. Нақтылап айтар болсақ, Тильманн 2019 жылдың 11-14 шілдесінде өтетін FIS Құрлықтық Кубогін қабылдауға кешеннің қаншалықты дайын екенін тексерген.

Тексеру нәтижесі бойынша шетелдік маман бірнеше ескерту жасап, құнды кеңестерімен бөлісті. Жалпы алғанда, аралық тексеру нәтижесі маманның көңілінен шыққан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу