Щучинскідегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

163

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Щучинскідегі жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды Фото: Ақмола облысы ТЖД

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 292-бабы, 3-тармағына сай, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет бойынша қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал Ақмола облыстық ТЖД хабарлаған соңғы мәліметке сенсек, Щучинскідегі кафеде газ-ауа қоспасы жарылысы салдарынан 7 адам қаза тапқан. Сондай-ақ 28 азамат жараланып, олардың 13-і ауруханаға жеткізілген. Соның ішінде 8-і медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді. Бұдан бөлек оқиға орнында 10 кісі құтқарылған.

– Өрт сөндірушілер жедел қимылдап, отқа оранған дәмханадан әрқайсысы 50 литрлік 5 газ баллонын және 2 оттегі баллонын шығарды. Соның арқасында нысанда қайта жарылыс болуының алдын алды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге, Ақмола облыстық ТЖД аталған жайтқа қатысты 8 (7162) 514-298 нөмірі бойынша ашылған жедел желі жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу