Вице-министр Щучинскідегі жарылыс бойынша тергеу туралы тілшілердің сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Премьер-министрдің тапсырмасымен комиссия құрылған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Сараптама жүріп жатыр. Соның қорытындысы бойынша жарылыс неден болғаны анықталады. Сараптама қорытындысы 3-6 ай аралығында жүргізіледі", – дейді вице-министр.

Айта кетейік, 8-9 наурызда ауруханада ауыр хәлде жатқан 2 науқас жарақаттан көз жұмып, Щучинскідегі дәмханадан шыққан жарылыстан қаза тапқан адамдардың саны 11-ге жетті.
26 ақпанда Щучинск қаласындағы "Плов орталығы" кафесінде газ жарылып, оның арты өртке ұласты. Дәмхана иесі қамауға алынды. Қылмыстық іс "Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы" бойынша тіркеліп отыр.