Щучинскідегі жарылыстан кейін дәмхана иесі ұсталды

167

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында. 

Щучинскідегі жарылыстан кейін дәмхана иесі ұсталды Фото: ТЖМ

Ақмола облысында Щучинскідегі жарылыстан кейін дәмхананың иесі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарылыс бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеп жатыр. 2 наурызда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, "Центр плова" дәмханасының иесі ұсталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.  

Айта кету керек, бұған дейін Щучинскідегі жарылыстан қаза тапқандардың саны 8 адамға жеткені белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу