Щучинсктегі "Палау орталығындағы" өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

157

Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ем алып жатқан тағы бір зардап шегуші көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Щучинсктегі "Палау орталығындағы" өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті Фото: Ақмола облысы ТЖД

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучье қаласындағы "Палау орталығы" кафесіндегі өрт кезінде зардап шеккен тағы бір адам есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Ер адам Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында ем қабылдаған. Оның жағдайы аса ауыр болған, өрт кезінде жоғарғы тыныс жолдары қатты зақымданған.

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі пациенттердің жағдайы бақылауда екенін мәлімдеді.

– Қайтыс болған адамның туған-туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, оның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыру да бар. Бұл іске "Палау орталығы" кафесі мен әкімдік те қатысады. Жерлеу шараларын ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу