Шуда 2 жұмысшы кәріз құдығына уланып, ажал құшты

447

Қайғылы оқиға Шу қаласы ауруханасының ауласында болған. 

Шуда 2 жұмысшы кәріз құдығына уланып, ажал құшты Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Шу ауданында екі адам кәріз құдығына жиналған газдан уланып қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник тұншығып, жанұшыра көмек шақырған. Оны өтіп бара жатып естіген зертхана қызметкері әріптесін шығарып алу үшін тереңдігі үш метр құдыққа түсіп талып қалады. Есінен танып жатқан екі адамды құтқарамын деп көмекке ұмтылған үшінші адам да құдықтан шыға алмай қалған. Абырой болғанда, ол аман қалды, қазір дәрігерлердің бақылауында.

"ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігімен, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Толық, жан-жақты және объективті тергеп-тексеру бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", – деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу