Шуда 50 келіден астам марихуана тасымалдағандар ұсталды

217

Полицейлер жергілікті 2 тұрғынды ұстады.    

Шуда 50 келіден астам марихуана тасымалдағандар ұсталды Фото: polisia.kz

Арнайы операция жедел ақпарат негізінде Шу қаласындағы Сәтбаев көшесінде жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Ұлттық ұланның №6506 "Бүркіт" әскери бөлімінің әскери қызметшілері бірлесіп жүргізген іс-шара барысында 50 келіден астам есірткі затын тасымалданған автокөлік тоқтатылды.

Mazda автокөлігіндегі жүргізуші мен жолаушыны ұсталды. Көлікті тексеру кезінде артқы орындығынан 3 қап, ал жүксалғышынан тағы 2 қап табылған. Қаптардың ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – кептірілген марихуана есірткісі екені анықталды. Жалпы салмағы 51 келіден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу