Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды

306

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шуда оқ-дәрі салынған сөмке табылды Фото: Polisia.kz

Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Табылған сөмкенің ішінен 12 калибрлі ИЖ екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ТОЗ-63  кесілген қос ұңғылы мылтық, жарық шу гранатасы, 91 түрлі калибрлі патрон, 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы табылды. 

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды", деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу