"Шұғыла" және "Төле би": Алматыдағы екі жаңа метро бекет осылай аталуы мүмкін

Бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған.  

"Шұғыла" және "Төле би": Алматыдағы екі жаңа метро бекет осылай аталуы мүмкін Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда ашылатын екі жаңа метро бекеті "Шұғыла" және "Төле би" деп аталуы мүмкін. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет мәлім етті. 

Айтуынша, метро бекетінің құрылысының жобасына техникалық-экономикалық әзірлеу үшін жаңа бекеттерге атау беру қажеттілігі туындап отыр. 

"Наурызбай ауданындағы Шұғыла ш/а. Алатау даңғылының бойындағы №1 бекет ономастикалық тәжірибеге сүйене отырып, жолаушылардың бағдар алуына ыңғайлы болу үшін "Шұғыла" деп атау ұсынылып отыр. Ал Алатау даңғылымен ұзартылатын Төле би көшесінің қиылысында болатын №2 бекетке "Төле би" атауын беру ұсынылып отыр", - деді спикер. 

Спикердің айткыншп, бұл ұсынысты Алматы қаласы ономастика комиссиясы құптаған. 

Қала басшылығы тарапынан да қолдау тапқан. Енді бұл ұсыныс Алматы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Ол комиссия келісім берсе, Алматы әкімдігінің қаулысымен шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу