Шүлбі СЭС қарсы реттегішін салу жөніндегі жоба іске асырылады

514

Шүлбі СЭС-і Семей қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Ол Ертіс ГЭС каскадындағы үшінші, ал орнатылған қуаты бойынша елдегі ең ірі станция.  

Шүлбі СЭС қарсы реттегішін салу жөніндегі жоба іске асырылады Фото: gov.kz

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен "China Railway NO. 5 Engineering Group Co., Ltd" компаниясының халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Бу Чжуцин Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады inbusiness.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық инвесторларды құттықтап, өңір үшін маңызды жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.

Ақпаратқа сәйкес, СЭС-тің болжамды қуаты 350 МВт-қа дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу