Шүлбі және Өскемен гидроэлектростанцияларының акциясы шетелдіктерге сатылады

2846

Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шүлбі және Өскемен гидроэлектростанцияларының акциясы шетелдіктерге сатылады

Акцияға араб инвесторлары ие болуы мүмкін. Себебі олар стратегиялық инвестор атануға ниет білдіріп отыр.

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, "Шүлбі ГЭС" АҚ мен "Өскемен ГЭС" АҚ акцияларының 74,99%-ы сатылады.

"Стратегиялық инвесторға "Шүлбі" және "Өскемен гидроэлектростанцияларының акциясын сатуға қатысты келіссөз жүріп жатыр. Аты аталған нысандар 100% сатылмайды. Меншік құқығының 25%-дан астамы меллекетке, 74,99%-ы инвесторға тиесілі болады", – деді министр.

Мағзұм Мырзағалиев гидроэлектрстанцияларды жөндеу қажет екенін айтты. 

"Станциялардың қуатын қосымша 500 МВт-қа дейін арттыру мүмкіндігі бар", – деді министр.

Оның айтуынша, аты аталған гидроэлектростанциялары Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.

"Шүлбі ГЭС" АҚ-ның белгіленген қуаты 702, "Өскемен ГЭС" АҚ-ның қуаты 367,8 МВт-ты құрайды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу