Швеция әлемде алғаш болып қолма-қол ақшадан бас тартпақшы

1066

Швеция әлемде алғаш болып қолма-қол ақшадан бас тартпақшы

Жақында Швеция қағаз ақшадан бас тартқан алғашқы ел атанғалы тұр, деп хабарлайды Еuromag.ru. Қазір шведтер кез-келген нәрсе үшін карточкамен есептеседі. Швецияда бүгінде дамушы елдерге мүлдем кереғар көрініске кезігуге болады. Мұндағы дүкендердің көпшілігі қолма-қол ақша қабылдамайды. Ілкімділікке алдымен швед автобустары мен метро көшіп алған: бірнеше жыл болды, қолма-қол ақшаға билет сатып алу мүмкін емес. Швеция орталық банкінің есептеуі бойынша, былтыр  қолма-қол ақша  елдегі ақша айналысының 2%-дайын ғана құраған.  Болжам бойынша,  2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 0,5%-ға дейін төмендемек. Орташа алғанда әлем бойынша дүкендердің 75% түсімін  қолма-қол ақша құраса, ал бұл көрсеткіш Швецияда тек 20%-ды құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу