Швеция елшісі Қазақстанды көлікпен аралады

97

Дипломат мұндай саяхат арқылы өңірлермен жақынырақ танысып, елдің мәдениеті мен тұрмысын тереңірек түсінуді мақсат еткен.

Швеция елшісі Қазақстанды көлікпен аралады Фото: Ева Пуланоның жеке жұрағатынан

Швецияның Қазақстандағы елшісі Ева Пулано ел аумағын көлікпен аралап шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отбасылық жұп сапарды 20 маусым күні Астанадан бастап, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстарының үстінен өткен. Одан соң Жылыой ауданындағы Құлсары қаласына барды. Сапардың Қазақстан аумағындағы бөлігі Маңғыстау облысында тәмамдалған. Саяхатшылар одан әрі, Баку арқылы Еуропаның 7-8 мемлекетін аралап, Швецияға дейін баруды жоспарлайды.

"Құрықтан аттанатын паромды күткен кезде, Ақтауды аралап үлгердік. Бір сәттің әсерін сипаттап көрейін. Жағажайдағы мейрамханадан Каспийді тамашаладық. Айналамыз бақытты адамдарға толы болды. Дастарханда тіл үйіретін жергілікті дәм. Күннің батқанына осылай қарап тұру сан түрлі сезімдерге бой алдырып, ұмытылмас кеш болып есте қалды", – дейді Ева Пулано.

Ол саяхаттан ерекше әсер алғанын айтады. 

"Елді мекендер арасында үйір-үйір жылқы, сиыр мен түйені көріп, ерекше әсерде болдым. Бұл мен үшін экзотика. Осы сапарға ұйытқы болған күйеуіме алғыс айтамын. Астанадан Стокгольмға көлікпен қайту оның идеясы болған. Қазақстанды енді тек табиғаты әдемі мемлекет қана емес, тағылымы мол мекен деп айта аламын. Сондықтан швед азаматтары мен өткен сапарды өздері жасап, көзбен көрсе екен деймін", – дейді елші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу