Швеция НАТО альянсына кіру туралы өтінішті тапсырды

541

15 мамырда Стокгольм мен Хельсинки Солтүстік Атлантикалық одаққа кіру туралы жоспарын ресми түрде жариялады.

Швеция НАТО альянсына кіру туралы өтінішті тапсырды

Швеция СІМ-нің басшысы Анн Линде НАТО-ға кіру туралы ресми өтінішке қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Бүгін таңертең Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қол қойды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-тың ықпалымен Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруі Мәскеуді тиісті шаралар қабылдауға итермелейді деп айтқан болатын.

15 мамырда Стокгольм мен Хельсинки Солтүстік Атлантикалық одаққа кіру туралы жоспарын ресми түрде жариялады. Екі мемлекет ұзақ жылдар бойы бейтарап ұстанымда болған еді. Ресей Президенті Владимир Путин ҰҚШҰ саммитінде олардың одаққа қабылдануы Ресей еліне қауіп төндірмейтінін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу