Швеция НАТО-ға бір қадам жақындады

324

Швеция Парламенті елге НАТО-ға мүше болуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады.  

Швеция НАТО-ға бір қадам жақындады Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы TRT News хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.

Парламенттік дауыс беру кезінде НАТО-ға мүшелікке 37 адам қарсы дауыс бергеніне қарамастан, 269 дауыспен мақұлданды. Солшыл партия мен жасыл экологиялық партия НАТО-ға мүшелікке қарсы дауыс берді.

Швецияның НАТО-ға мүше болуы үшін оған Түркия мен Венгрияның келісімі қажет. Қазіргі уақытта НАТО-ның 28 елі Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруін ратификациялады.

Швецияның Сыртқы істер министрі Тобиас Бильстрем бұл парламенттік дауыс беруді "тарихи оқиға" деп атады:

"Швецияның қауіпсіздік жағдайы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр сатыда. НАТО-ға мүшелік — Швецияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ортақ үлес қосудың және бүкіл Еуропалық-Атлантикалық аймақтың қауіпсіздігін нығайтудың ең жақсы тәсілі".

СІМ басшысы альянстың "Швеция сенімді одақтасы болады" деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу