Швецияда қасқырларға аңшылық басталды

421

Швецияда осы аптада 2010 жылдан бергі ең ірі аңшылық - қасқыр аулау басталды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биыл барлығы 75 жыртқыш аң өлтірілуі мүмкін.  

Швецияда қасқырларға аңшылық басталды Фото: Daniel Mott/Flickr

Елдің батысындағы Вермланд аймағының округ әкімшілігінің инспекторы Фредрик Виьде айтқандай, аңшылық қатаң бақыланатын болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Біз аңшылықтың дұрыс жүргізіліп жатқанына көз жеткізу үшін осындамыз. Барлық істелген әрекетті құжаттаймыз", - деді аудандық әкімшілік кеңесінің инспекторы Фредрик Вильде.

Аң аулау арқылы Швеция қасқырлардың таралуын бәсеңдеткісі келеді. Бірінші күні он жыртқыш өлтірілді. Вермландтағы Швед аңшылар қауымдастығының төрағасы Андерс Олссон алдағы күндері қар қалың жауатынын ескертті.

"Демалыс күндері суық болады. Сондықтан бейсенбіден жексенбі аралығында аңшылыққа шығуға кеңес береміз", - деді Вермландтағы Швед аңшылар қауымдастығының төрағасы Андерс Олссон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу