Швецияның НАТО-ға кіру үшін қашан өтініш тапсыратыны жарияланды

520

Бұған дейін Финляндия билігі елдің альянсқа кіруін қолдады.

Швецияның НАТО-ға кіру үшін қашан өтініш тапсыратыны жарияланды

Швеция НАТО-ға кіру үшін 16 мамырда өтініш тапсыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті Expressen газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 16 мамырда Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон үкіметтің қосымша отырысын шақырып, сол күні тарихи шешім қабылданғанын жарияламақ. Жиыннан кейін бірден НАТО-ға кіру туралы өтініш жіберіледі. 

Expressen дерегіне сүйенсек, ел парламентінің кезектен тыс сессиясы дүйсенбіге белгіленген.

Бұған дейін Финляндия президенті Саули Ниинисте мен премьер-министрі Санна Марин елдің НАТО-ға кіруін қолдаған болатын. 

Сәуір айының соңында жергілікті басылымдар Швеция мен Финляндия НАТО-ға кіру үшін бір уақытта өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Олардың айтуынша, НАТО-ға мүшелік ету Финляндияның қауіпсіздігін күшейтпек. 

Негізі, Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру үшін бір уақытта өтініш беруді жоспарлап отырғаны сәуір айының соңында хабарланған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу