Швейцария атом электр станцияларынан бас тартуда

873

Швейцария атом электр станцияларынан бас тартуда

Швейцарияның жалпыұлттық референдумында дауыс берген ел тұрғындарының 58%-ы энергетика саласындағы жаңа мемлекеттік саясатқа қолдау білдірді. Ол саясаттың мәні сол, біртіндеп АЭС-терден бас тартып, қайта қапына келетін энергия көздеріне өтуді көздейді. Бұл туралы abctv.kz хабарлайды.

"2050 энергетикалық стратегиясы" үкімет тарапынан жедел әзірленіп, ізінше парламент тарапынан мақұлданып үлгерген. Стратегияны жасауға 2011 жылғы Жапониядағы "Фукусима-1" АЭС  апаты себеп болған. Яғни, Швейцария бұдан былай жаңа АЭС салмайды, ал қазіргі бес станция уақыт өте келе жабылады.

Алдағы уақытта ел басшылығы қайта қалпына келетін энергия көздері, оның ішінде, гидростанциялар мен жел генераторлары, күн құрылғыларына көшуді көздеуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу