Швейцария Германияға 25 Leopard 2 танктерін сатпақ

300

Украинаға өз техникаларын берген Германия Швейцариядан 25 неміс танк сұрады.

Швейцария Германияға 25 Leopard 2 танктерін сатпақ Фото: Риа Новости

Швейцария үкіметі елдің ұлттық кеңесінің қауіпсіздік саясаты жөніндегі комиссиясының болашақта оларды өндірушіге - неміс Rheinmetall компаниясына сату үшін 25 Leopard 2 неміс танктерін есептен шығару туралы ұсынысын қолдады, деп жазады inbusiness.kz AFP агенттігіне сілтеме жасап.

"Швейцария армиясы есептен шығарған 96 танктің 25-ін одан әрі пайдалану жоспарланбаған, сондықтан бұл сан пайдаланудан шығарылып, армияның өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына кедергі келтірмей сатылуы мүмкін", - деді Швейцария Ұлттық Кеңесінің қауіпсіздік комиссиясы.

Енді шешімді ел Парламенті мақұлдауы керек.

Швейцарияның шарттарының бірі - танктер Украинаға өтпеуі керек. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус (Boris Pistorius) және экономика министрі Роберт Хабек (Роберт Хабек) ақпан айында Швейцарияның Қорғаныс министрі Виола Амхердтен Украинаға берілген техниканы толтыру қажеттілігін алға тартып, Швейцария армиясының Leopard 2 танктерін сатып алуға келісуін сұрады.

Швейцария үкіметінің жауабында:"Олар танктерді Украинаға жібермейтініне сендірді", - делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу