Швейцария Венесуэла президенті Николас Мадуро мен онымен байланысты тұлғалардың активтерін бұғаттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл қадам 2018 жылдан бері Венесуэлаға қарсы қолданылып келе жатқан санкциялар аясында жүзеге асты.
Сонымен қатар активтерді бұғаттау қазіргі Венесуэла билігінің мүшелеріне қатысты қолданылмайтыны айтылған.
Алдағы сот процестерінде қаражаттың заңсыз алынғаны анықталса, қаржы Венесуэла халқының игілігіне жұмсалады.
Бұған дейін Мадуро мен оның жұбайы Нью-Йорктегі сотта тағылған айыптарды мойындамағанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу