Швейцариялық Credit Suisse мен UBS банктері қосылуы мүмкін

506

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Credit Suisse бен UBS банктерінің акционерлері, қазір келіссөз жүргізіп жатыр. 

Швейцариялық Credit Suisse мен UBS банктері қосылуы мүмкін Фото: РИА Новости

Швейцарияның  ең ірі 2 банкі қосылуы мүмкін. Алайда соңғысы, проблемалық Credit Suisse-ті тым арзанға бағалаған көрінеді. Financial Times газетінің мәліметінше, UBS жалпы нарықтық құны $8 млрд долларға бағаланған Cs-ті $1 млрд долларға сатып алуды ұсынған. Credit Suisse акционерлері мұны тым аз,- деп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, UBS үстіне тағы 1 млрд доллар қосып, сатып алуға келіскен. Ал бұл келіссөз болмай қалған жағдайда, Швейцария билігі, оның жарғылық капиталын өзі сатып алып, толықтай немесе жартылай ұлттық банкке айналдырмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу