Швейцариялықтардың 46%-ы Украинаға қару-жарақ жіберуге қарсы

499

Швейцария тұрғындары Украинаға әскери көмек жеткізу мәселесінде екіге бөлінді.  

Швейцариялықтардың 46%-ы Украинаға қару-жарақ жіберуге қарсы Фото: eadaily.com

Мұны бүгін жарияланған онлайн сауалнама деректері дәлелдейді, деп жазады inbusiness.kz.

Швейцария заңдары қарулы қақтығыстар болып жатқан жерге қару жеткізуге тыйым салады. Онлайн сауалнамаға сәйкес, азаматтардың 50%-ы Швейцарияда жасалған қару-жарақты Киевке жіберуге рұқсат беруге келіседі, 46 пайызы қарсы.

Келесі аптада Швейцария Парламенті Германияға, Испания мен Данияға Украинаға Швейцарияда өндірілген оқ-дәрілерді жеткізуге, сондай-ақ Польшаға, Словакия мен Чехияға сатуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулерді қарастырады.

Швейцария тарихта бейтараптылығымен ерекшеленеді. Олар Бірінші дүниежүзілік соғыста да, екінші дүниежүзілік соғыста да соғысушы тараптардың ешқайсысына қару бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу