Швейцарияның шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапты

152

Алайда қаза тапқандардың ұлты туралы мәлімдеме жасалмады.

Швейцарияның шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапты Фото: canva.com

Швейцарияның әйгілі Церматт тау шаңғы курортында үш адам қаза тауып, тағы біреуі қар көшкінінен зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде таратылған кадрларда Церматтадағы Рифельберг аймағындағы альпі курортының шаңғы трассасынан тыс аймақты қалың қар басып қалғаны бейнеленген", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ірі құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Бірақ ол кейін тоқтатылды. Полиция әлеуметтік желіде қаза тапқандардың санын растады. Алайда қаза тапқандардың ұлты туралы мәлімдеме жасалмады.

Жойқын жел мен қалың қарға қатысты билік Швейцарияның оңтүстігіндегі Альпідегі көшкін қаупі туралы ескерту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу