Шығын көлемі – 18 миллион теңге: Ақтөбеде алаяқтар заңгерді сан соқтырып кетті

146

Алдын ала деректер бойынша, ұсталғандардың инвестициялық қызметке ешқандай қатысы болмаған. 

Шығын көлемі – 18 миллион теңге: Ақтөбеде алаяқтар заңгерді сан соқтырып кетті Фото: rostovchanka-media.ru

Ақтөбеде криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салу арқылы табыс тапқысы келген 46 жастағы заңгер алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші бейтаныс екі адаммен байланысқа шығып, олардың ұсынысына сеніп, бір жарым жыл бойы ақша аударып отырған. Нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеге жеткен.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу