Шығын көлемі – 9 млн теңге: Жетісуда мал ұрлығына қатысты 2 қылмыс ашылды

159

Жедел-іздестіру барысында мал ұрлаған 51 және 37 жастағы екі күдікті қолға түсті.

Шығын көлемі – 9 млн теңге: Жетісуда мал ұрлығына қатысты 2 қылмыс ашылды Фото: polisia.kz

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 маусым күні Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округінің жайылымынан белгісіз біреулер 9 бас ірі қараны ұрлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz  сайты ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көмі 2,5 миллион теңгені құраған.

Арада бірнеше күн өткен соң, сол өңірдегі Алғабас ауылдық округі аумағында тағы бір дерек тіркеледі. Бұл жолы қаскөйлер 14 бас ірі қараны айдап әкетіп, шаруашылық иесіне 7 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Аталған деректер бойынша Көксу аудандық полиция бөлімінің және облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 51 және 37 жастағы екі күдікті қолға түсті. Екеуі де Көксу ауданының жергілікті тұрғындары.

Операция барысында MAN жүк көлігі тоқтатылып, көлік ішінде ұрланған малдың сатып алушысы ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде жүк бөлігінен жәбірленушілерге тиесілі 14 бас ірі қара мал табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мал ұрлығына қатысты бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу