banner

Шығынды 70%-ға қысқартып, тиімділікті 40 млрд теңгеге арттырмақшы

694

Шығынды 70%-ға қысқартып, тиімділікті 40 млрд теңгеге арттырмақшы

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев "Қаскелең" агропаркі пилоттық жобасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Агропарк 6 ірі ғылыми институт консорциумы негізінде 1630 га жер көлемінде жүгері, соя, жаздық бидай және арпа және сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарын өсіреді. Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге электронды жер картасы, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, жоғары ажыратымдылықтағы камералармен жабдықталған әртүрлі ұшақтарды пайдалана отырып аэрофототүсірілім жасау, космомониторинг, параллельді жүргізу жүйелерін пайдалану, қашықтан басқару және басқа шешімдер жатады.

Мұндай технологияларды енгізу ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқарудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді; телеметрия және қашықтан кіру жүйелері, қысқа уақыт ішінде үлкен аумақтардан әртүрлі мәліметтерді алуға және талдауға және технологиялық үдерістер мен операцияларды түзету бойынша уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде шығын 70%-ға дейін азаяды. Алдын ала болжам бойынша, осы бағыттағы жұмыстар үздіксіз жүргізілсе, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд теңгеге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу