Шығыс Қазақстан кәсіпорны 22 млн теңгенің тракторын 142 млн теңгеге алмақ болған

464

Шығыс Қазақстан облысында ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорындардың бірі 22 млн теңгенің тракторын 142 млн теңгеге алмақ болған. Осылайша олар техниканы нарықтағы бағасынан 4 есе қымбатқа алуды көздеген.  

Шығыс Қазақстан кәсіпорны 22 млн теңгенің тракторын 142 млн теңгеге алмақ болған Фото: ашық дереккөз

Мемлекет қаржысын жымысқы жолмен игеруді көздеген кәсіпорынның әрекетін облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері әшкере етті. Белгілі болғандай кәсіпорын мемлекеттік сатып алу кезінде 22 млн теңге тұратын тракторды 142 млн теңгеге саудаламақ болған. Ауылшаруашылық саласындағы кәсіпорын бір техниканы нарық бағасынан шамамен 4 есе қымбатқа алуды көздеген.

Департамент қызметкерлері өткен жылы 425 миллион теңгенің үнемделуіне ықпал етіпті.

- Біз бұл жолы да әдеттегідей нарықтағы және келісім-шарттағы баға көрсеткішіне мониторинг жүргіздік. Осылайша 22 миллион теңге тұратын трактордың 143 миллион теңгеге сатылуына кедергі жасадық. Осылайша бюджет қаржысын үнемдедік, - дейді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Денис Шакенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу