Шығыс Қазақстан облысында 4 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

384

Самар ауданында 3 жылға заңсыз берілген коммерциялық жер учаскесі де мемлекет меншігіне өтті.  

Шығыс Қазақстан облысында 4 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды Фото: altainews.kz

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында прокуратура пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау нәтижесінде бірқатар жер пайдаланушылардың 20 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде кадастрлық құны 20 млн теңгеден асатын, жалпы аумағы 4 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды.

Сонымен қатар прокуратура міндетті аукцион өткізілместен коммерциялық мақсаттағы жер учаскесінің заңсыз берілгенін анықтады. Самар ауылында жол бойындағы сервис нысандарын салуға арналған 0,50 гектар жер жеке тұлғаға 3 жыл мерзімге уақытша пайдалануға берілген.

Прокуратураның ұсынуынан кейін сот шешімімен нарықтық құны 2 млн теңгеден асатын аталған учаске толықтай мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура жер ресурстарын тиімді пайдалану және мемлекеттік мүдделерді қорғау мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу