Шығыс Қазақстан облысында екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

299

Оқиға Қасым Қайсенов кентінде кәріз құдығындағы жұмыс кезінде болған.    

Шығыс Қазақстан облысында екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов екі жұмысшының өмірін сақтап қалған полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрмет грамоталары Ұлан аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұрдәулет Тетепов пен криминалист, полиция капитаны Әсет Нағашбаевқа табысталды.

Оқиға 20 тамызда Қасым Қайсенов кентінде болған. Кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан екі азаматтың есінен танып қалғанын байқаған полицейлер дереу көмекке кіріскен. Олардың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында жұмысшылар құтқарылды.

Облыс әкімі тәртіп сақшыларының ерлігі мен кәсібилігін атап өтіп, адам өмірін құтқарудағы жоғары азаматтық жауапкершілігін ерекше бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу