Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды

264

Ер адамнан екі ұялы телефон мен белгісіз заттар табылды.  

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға әрекет жасаған ер адамның жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп патрульдеу кезінде анықталған. Ефрейтор Еламан Сапашев қызметтік иті Рэммамен бірге қоршау маңынан күдікті ер адамды байқаған. Ол нысан аумағына белгісіз заттарды лақтырмақ болған.

Тексеру барысында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамнан екі ұялы телефон, ішінде ақ түсті капсулалары бар ыдыс және белгісіз сұйықтығы бар құты табылды.

Анықталған заттар тәркіленіп, әрі қарай тексеру және процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу