Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖ мекемесінде сотталғандардан ақша бопсалау фактісі анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бас прокуратураның қадағалау қызметі аясында ІІМ ҚАЖ комитетінің №22 мекемесінде сотталғандар Ж. және К.-ның жаңадан келген сотталған М.-дан ақша бопсалағаны анықталған.
Тергеу мәліметінше, олар 2025 жылдың шілде-қараша айлары аралығында күш қолданамыз деп қорқытып, одан "қамқорлық" көрсеткені үшін ақша талап еткен.
Арнайы прокурорлар жеткілікті дәлел жинап, істі сотқа жолдаған.
2026 жылғы 29 шілдеде Глубокое аудандық сотының үкімімен сотталғандар Қылмыстық кодекстің 194-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Оларға бұрынғы жаза мерзімдері қосылып, түпкілікті жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.