Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтуде

458

9 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Ұлттық спорт қауымдастығына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен Қазақстан чемпионаты өтуде Фото: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұлттық спорттың бұл түрі алдағы қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына енген. 

Алдағы үш күн ішінде құсбегілер өзара кіл мықтының арасынан кім мықтыны анықтамақ.

Жалпы сайысқа еліміздің 12 облысынан 59 бүркіт, 14 қаршыға, 21 ителгі әкелінген. Қатысушылардың арасында әлемге аты белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да бар.

Сайыстың бірінші күні құсбегілер үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені облыс аумағында қатты жел мен ақ түтек боран басылмай тұр.

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады. 

Естеріңізге сала кетейік, Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлемге әйгілі бүркітші, қандасымыз Айшолпанның отбасы Монғолия елінен бір жола ата-жұрты Қазақстанға қоныс аударып, көшіп келгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу