Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Глубокое ауылында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір қабатты ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері өртті сөндіруге бірден кірісті. Қалың түтінге қарамастан, құтқарушылар жалынды 600 шаршы метр аумақта толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және өртті ерте анықтау құралдарын қолдануға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу