Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр

1039

Шығыс Қазақстан облысында екі орман алқабы өртенуде, деп хабарлайды inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші өрт Құлжа мемлекеттік табиғи қорық аумағында тіркелген. Онда құрғақ шөп пен бұталар жанып жатыр. Өрт шыққан аумақ шамамен – 100 гектар.

Екінші өрт Ақбұлақ орман шаруашылығында тіркелді. Өрттің аумағы – 50 гектар. 

Мамандар құм төбелер, жел және жақын маңда судың болмауы өртті сөндіру қиындық туғызып отырғанын айтады.

"Өрт шыққан жерде МИ-8 тікұшақтары ұшып жүр. Әуеден су жеткізу ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге "Қазавиаорманкүзеті" десанты, жергілікті орман шаруашылықтарының қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылды. Шұғыл қызметтердің жұмысын қатты жел қиындатып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылықтарының күші жұмылдырылды (149 қызметкер, 28 техника). 

Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерге өрт қаупі төнбейтінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу