Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 349 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

541

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында тұрғын үй құрылысы жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 349 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі Фото: inbusiness.kz

Мәселен, Өскемен қаласында жаңа шағын аудан бой көтеріп, бірқатар жоба қолға алынған.

"Драма театры ауданында архитектуралық сәулеті жағынан ерекше әрі заманауи тұрғын үйлер салынуда, қолданысқа берілгендері де бар. Енді биыл мұнда 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы, қазіргі үйлер өте сапалы салынуда, аулалардағы жолдар алты метрге дейін кеңейтіліп, әр пәтер үшін бір жарым орындық көлік тұрағы қарастырылған", - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Биыл Шығыс Қазақстанда 349 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ алты мектеп салу көзделген. Оның үшеуі Өскеменде.

"Қаладағы Жібек маталар комбинаты шағынауданындағы құрылысы тоқтап қалған колледжде тиісті жұмыстар басталды. Бұл жерде математика және басқа да цифрлық ғылымдардағы дарынды балаларға арналған 910 орындық мектеп-интернат бой көтереді. 2024 жылы "Спорт" шағын ауданында да мектеп құрылысы басталады. Бұдан бөлек, ақымды спорттық-мәдени кешен салудың қызықты жобасы бар. Жалпы, құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде", - дейді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу