Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

147

Катонқарағай ауданында 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.  

Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды Фото: Егемен Қазақстан

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде жалға алушылардың шаруа және фермер қожалығын жүргізуге арналған жерлерді бір жыл бойы мақсатына сай пайдаланбағаны белгілі болған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жалпы ауданы 2092,6 гектар, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокуратура органдары жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуын ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу