Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

111

Екі автокөлік соқтығысып, оқиға орнында екі адам көз жұмды. 

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды Фото: бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасы адам шығынымен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат 24 сәуір күні "Өскемен–Шемонаиха" тасжолында, Глубокое ауданындағы Березовка ауылы маңында тіркелген. Алдын ала дерек бойынша, "Mazda" және "JAC" маркалы көліктер соқтығысқан.

Салдарынан "Mazda" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Ал екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері жол апатының нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу