Шығыс Қазақстан облысында жарнама үшін жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

238

Көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде “өтімді” контент жасауға деген ұмтылыс жол қозғалысы қағидаларын бұзуға себеп болмауы тиіс.  

Шығыс Қазақстан облысында жарнама үшін жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысында дүкенге арналған жарнамалық ролик түсіру кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған бейнероликте қозғалыстағы көліктен жолаушының басын шығарғаны көрінеді. Полиция қызметкерлері роликке қатысушыларды жедел анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.

Көлік жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал қозғалыс кезінде көліктен басын шығарған жолаушыға да әкімшілік шара қолданылды.

Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу