Шығыс Қазақстан облысындағы мұздақ көлдердің жағдайы тексерілді

324

Мамандардың айтуынша, мұздақ көлдердегі су деңгейі төмен, сел қаупі анықталған жоқ.  

Шығыс Қазақстан облысындағы мұздақ көлдердің жағдайы тексерілді Фото: Бейнежазбадан

Шығыс Қазақстан облысындағы мұздақ көлдердің жағдайы тұрақты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары Бұқтырма өзені бассейніндегі жеті мұздақ көлге аэровизуалдық шолу жүргізді.

Тексеру барысында теңіз деңгейінен 2000–2500 метр биіктікте орналасқан барлық көлдердің мұздан толық арылғаны анықталды. Мамандардың мәліметінше, көлдердегі су деңгейі төмен, судың ағып шығуы қалыпты жағдайда жүзеге асып жатыр.

Жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша, мұздақ көлдердің қазіргі жағдайы тұрақты, сел жүру қаупі жоқ.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын көлдер әлі мұз құрсауында жатқан кезеңнен бастап толық ашылғанға дейін сел қаупі жағдайын бақылау үшін тексерулер жүргізіледі", – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу