Бұл ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.
Облыс әкімінің айтуынша, автопаркті жаңарту – құқық қорғау органдарына көрсетілетін жүйелі қолдаудың бір бөлігі.
2023 жылы өңір полицейлеріне 136 автокөлік берілген болатын. Ал биыл бұл қолдау көлемі едәуір артты – автопарк іс жүзінде толық жаңартылып, полиция бөлімшелері заманауи әрі сенімді техникамен қамтамасыз етілді.
– Бұл шешім – мемлекет пен облыс тұрғындарының полиция қызметкерлеріне деген жоғары сенімінің көрінісі. Ішкі істер органдарының мамандары тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзетіп, шақыртуларға жедел әрекет етеді, түрлі жағдайларға тап болған азаматтарға көмек көрсетеді. Тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен адалдығының арқасында өңірде тұрақты әрі қауіпсіз орта қалыптасып отыр, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Берілген автокөліктер қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтылған. Бұл әсіресе шалғайдағы ауылдық округтерде жұмыс істейтін полицейлердің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Техникалық мүмкіндіктердің артуы патрульдік бөлімшелердің, жедел-тергеу топтарының және басқа да қызметтердің жұмысын жақсартуға жағдай туғызады.
Полиция автопаркін жаңарту қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және құқық қорғау органдарының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламалар аясында алдағы уақытта да жалғасын таппақ.