Шығыс Қазақстанда 102 жастағы соғыс ардагері қайтыс болды

180

Зәкен Құрманқожанов Зайсандағы жалғыз қалған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстанда 102 жастағы соғыс ардагері қайтыс болды Фото: Зайсан ауданы әкімдігі

"Зәкен Құрманқожановтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, майдангер 1923 жылы Зайсан ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, алғашында Мәскеу түбіндегі майданға жіберілген. Кейінірек танк батальонына ауыстырылып, дәлдеуші-атқыш ретінде соғысқа қатысқан.

Закен Құрманқожанов Смоленск, Киев, Витебск, Вильнюс, Рига қалаларын азат етуге қатысып, соғыстың соңында Берлинге дейін жеткен.

Жауынгерлік ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, І дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Беларусьті азат еткені үшін" медальдарымен, "Үздік танкист" төсбелгісімен марапатталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу