Шығыс Қазақстанда 3 инвесторға қатысты заңсыз айыппұлдар жойылды

Кәсіпорындардың инвестицияларының жалпы көлемі – 8,4 миллиард теңге.  

Шығыс Қазақстанда 3 инвесторға қатысты заңсыз айыппұлдар жойылды Фото: Depositphotos.com

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеттің үйлестіруімен жер қойнауын пайдалану және агроөнеркәсіптік кешен салаларында жобаларды іске асырушы 3 компанияның құқығын қалпына келтірді.

Аталған кәсіпорындардың инвестицияларының жалпы көлемі 117 жұмыс орнын құрумен 8,4 миллиард теңгені құрайды, – делінген ресми хабарламада.

Мысалы, "Зайсан құрылыс компаниясы" ЖШС жер қойнауын пайдалану саласында есептілікті ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Осыған ұқсас "Ертіс" ЖШС және "Altyn Shygys" ЖШС өсімдік шаруашылығын әкелінетін өнімдеріне қойылатын фитосанитарлық талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылып отыр.

Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асырушы инвесторларға қатысты әкімшілік істерді қозғауға тек прокурордың келісімімен ғана жол беріледі. Бұл жағдайларда мемлекеттік органдармен аталған талап сақталмаған.

Прокуратураның наразылықтарымен заңсыз қаулылар жойылған. Жіберілген бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлға жалпы сомасы 648 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке айыппұл түрінде тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы ресми сайтында әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (707) 126-96-26 телефоны бойынша немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу