Шығыс Қазақстанда 8 мыңнан астам адам тазалық ережесін бұзған

283

204 заңсыз қоқыс орны анықталды.

Шығыс Қазақстанда 8 мыңнан астам адам тазалық ережесін бұзған Фото: bugin.kz

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері абаттандыру және қоғамдық орындардың тазалығына қатысты 8 198 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша 6 922 адам жауапкершілікке тартылды. Ал қоғамдық орындарды ластағаны үшін 434-2-бапқа сәйкес тағы 1 276 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Сонымен қатар өңірде рұқсат етілмеген 204 қоқыс орны анықталып, оның 190-ы тазартылды.

Абаттандыру саласындағы құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғаларға 114 ұсыным енгізілді.

Полиция мен жергілікті атқарушы органдар өңірдегі тазалықты сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу