Шығыс Қазақстанда алкоголь саудасына қатысты рейдтер жүргізілді

383

Алкоголь саудасына қатысты рейдте лицензиясыз сатудың 5 фактісі тіркелді.  

Шығыс Қазақстанда алкоголь саудасына қатысты рейдтер жүргізілді Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рейдке полиция қызметкерлері, БАҚ өкілдері, блогерлер және белсенді азаматтар қатысты. Тексеру барысында түнгі уақытта алкоголь сатуға және 21 жасқа толмаған азаматтарға өнім өткізуге қатысты заң бұзушылықтарды анықтауға басымдық берілді.

Іс-шара аясында 100-ден астам сауда нысаны тексеріліп, кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату ережелері мен заң талаптары түсіндірілді.

Нәтижесінде тыйым салынған уақытта алкоголь сатудың 3 фактісі және лицензиясыз сауда жасаудың 5 жағдайы анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция өкілдері алкоголь өнімдерін сату талаптарын сақтау қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу